Қазанның біріндегі мәліметтерге сүйенсек, елімізде 17 млн астам астық бастырылды.
Премьер-министрдің сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, еліміз диқандары егістіктің 84,6 пайызындағы астықты жинап алған.
«Бастапқы деректерге қарағанда, 17 млн тоннадан астам астық бастырылған.Бір гектардан 12,9 центнерден өнім алынды», - делінген хабарламада.
2012 жылы бір гектардан 8,4 центнер астық алынған болатын.