«18-желтоқсанға дейінгі мәліметтерге сүйенсек, биылғы маркетингтік жыл ішінде 3,9 млн тонна астық жөнелтілді», - деді ол.
«Бұл өткен жылғыдан сәл көп. Өйткені, 2012 жылғы қуаңшылық экспортқа да әсер етпей қоймады. Биылғы көрсеткіш одан біршама жоғары», - деді ол.
Биылғы жылы Қазақстанда 20,9 млн тонна астық бастырылды.