Ж.Досқалиевтің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдындағы 5 млн. доллар көлеміндегі берешекті Қазақстан 10 жыл ішінде өтеп бітіреді. Сондай-ақ, министр еліміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының іс-қызметіне белсене араласуды жоспарлап отырғанын хабарлады. "Біз тек отандық медицинаны ғана емес, сонымен бірге әлемдік медицинаны жаңалау жұмысына да атсалысатын боламыз",- деді Ж.Досқалиев.
Оның айтуынша, "Қазақстанда алдағы жылдан бастап телемедицина жүйесі қолданысқа енгізіледі. Демек, ауру диагнозы қашықтан қойылып, жоғары технологиялық озық әдістерге еліміз азаматтары кең көлемде қол жеткізетін болады".
"Біз еліміз азаматтарына мейлінше сапалы қызмет көрсетуге талпынуымыз қажет. Өйткені, сандық көрсеткіш ахуалды өзгерте алмайды",- деді министр.