Қазақстан 2004-жылы Әзербайжанға 250 мың тонна астық береді

А.Аббасовтың атап көрсетуінше, осы жөніндегі келісімге Астанада өткен келіссөздер нәтижсінде қол жеткізілген. Әзербайжанның жеке меншік компаниялары Қазақстаннан 300 мың тонна астық алу туралы келісімге қол қойыпты. Алдын-ала белгіленген кестеге сәйкес 50 мың тонна астық биылғы жылдың желтоқсан айында Қазақстаннан импортталып үлгерген. Ал қалған 250 мың тонна астық 2004-жылдың мамыр айына дейін жөнелтіледі. Әзербайжандық компаниялар елімізден 1 тонна астықты 165 долларға сатып алады.