Қазақстан 2004-жылы уран өндіру мөлшерін 10 процентке арттырды

Жалпы өндірілген уран көлемінің 3363 тоннасы "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның таза үлесіне тиеді. Компанияны 2010-жылға дейін дамыту бағдарламасына сәйкес, 2004-жылы уран өндіру көлемі 3330 тоннаны құрауы тиіс болатын. Сөйтіп, ұлттық компанияны дамыту жөніндегі стратегиялық жоспар қазірдің өзінде асыра орындалып үлгерді, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

2005-жылы 4000 тоннадан астам уран өндіру межеленген. Компания бағдарламалық мақсатына сәйкес 2010-жылға дейін табиғи уран өндіру мөлшерін 15 мың тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. Соның нәтижесінде еліміз уран өндіру көлемімен дүниежүзінде алдыңғы орынға шығады.
"Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК уран экспортымен шұғылданатын ұлттық оператор болып табылады. Компания акцияларына мемлекет толық иелік етеді.