Қазақстан 2005-жылы 58,4 млн. тонна көмір сатады



Ел ішіндегі тұтынушыларға 41,4 млн. тонна көмір сату көзделген. Ал 2004-жылы бұл көрсеткіш 40,8 млн. тоннаны құрады. Республикадан тысқары жерлерге 17,2 млн. тонна көмір шығарылды. Оның 16 млн. тоннасы (жалпы экспорттың 93 проценті) Ресейге сатылды. Қазақстан көмірін негізінен Орал мен Сібірдің ірі электр станциялары тұтынады.
"Біз Ресей нарығынан айрылып қалмауға тиіспіз. Бұл рыноктағы біздің қазір иемденіп отырған орнымызды басқаға беріп жіберуге болмайды",- деді бүгін, 29-қыркүйекте ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің алқа мәжілісінде осы мекеменің басшысы Владимир Школьник.
Сонымен бірге Қазақстан көмірі Қырғызстан, Украина, Румыния, Венгрия, Польша, Түркия, Италия және Сербияға экспортталуда. Бұл елдерге 2005-жылы 2 млн. тонна қазақ көмірі сатылады.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті