Қазақстан 2005-жылы бюджеттік-сақтандыру медицинасына ден қояды - ҚР мемлекеттік хатшысы

И.Тасмағамбетовтың айтуынша, "1995-жылдан бері мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің медициналық жүйесі үздіксіз реформалау кезеңін бастан кешіруде". "Біз міндетті медициналық сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізгеніміз белгілі. Алайда, өкінішке орай, сол кезде еліміздің экономикалық күш-қуатының осалдығынан ол жүйе күйреуге ұшырады", - деп атап көрсетті мемлекеттік хатшы.

И.Тасмағамбетовтың хабарлауынша, алдағы жылы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға қажетті 90 млрд. теңге міндетті түрде бөлінеді. "Елімізде қазір медицинада бюджеттік-сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізуге жақсы негіз қаланып, барлық алғышарттар жасалды",- деп қорытты өз сөзін И.Тасмағамбетов.