Қазақстан 2006-жылы Бүкіләлемдік экономикалық форумға біріккен бәсекелестікке қабілетті елдердің листингіне енгізіледі

Листингіге енгізу процедурасының нәтижесінде ҚР үкіметі елдің экономикалық ахуалы мен даму көгжиектері туралы шынайы ақпаратқа ие болмақ. Бүгінде Бүкіләлемдік экономикалық форум қажетті ақпараттарды жинау үшін Қазақстандық кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары арасында сауалнамалар мен сұхбаттар өткізе бастады, деді Қ.Келімбетов.

Министрдің бағалауынша, болашақ рейтингте Қазақстан "70 және 80-ші орындардың аралығында тұрақтауы мүмкін". Алайда, алдағы 10-12 жылда біз "дүниежүзіндегі бәсекелестік қабілеті жоғары 50 елдің тізіміне енуді көздеп отырмыз",- деді Қ.Келімбетов.
Министрдің айтуынша, 2005-жылы бұл листингідегі 70-ші орынға Ресей ілікті.