"Мемлекеттік қолдауға, несиеленліруге байланысты Қазақстанда егіс алаңдарының аумағы қысқартылмай, керісінше, оны ұлғайту жоспарлануда", - деп мәлімдеді А. Күрішбаев.
"Егер бұрын елімізде егіс алаңдары 18,9 млн гектарды құраса, биыл, жоспарға сай ол 19,6 млн гектарға жеткізіледі. Тиісінше, астық дақылдарының егіс алаңдары 17 млн гектарға дейін, бидай алаңы - 13,5 млн гектарға дейін жетеді", -деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда "еліміз бойынша егіс алаңдары 700 мың гектарға дейін, астық дақылдары бойынша 600 мың гектарға дейін , соның ішінде бидай алаңы 600 мың гектарға артады".
"Бұл 1998 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш", - деді ол.