К.Смиттің айтуынша, "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалықтан үміткерге қойылатын барлық талаптарды саяси ерік-жігер болған жағдайда орындауға толық мүмкіндік бар".
АҚШ-тың Хельсинки комиссиясы 1976-жылы құрылған. Ол Хельсинки келісімдерінің тәртіптерін жүзеге асырудағы жетістіктерду ынталандыру, түрлі мониторинг жүргізумен шұғылданатын тәуелсіз федералдық агенттік. Комиссия құрамына 9 сенатор, өкілдер палатасының 9 мүшесі, сондай-ақ, АҚШ мемлекеттік департаменті, қорғаныс министрлігі мен сауда министрліктерінен бір-бір өкілден енеді.