Қазақстан 2010 жылға таман жылына 15 400 тонна деңгейінде уран өндіруді жоспарлауда

"Бүгінде Қазақстан анықталған уран қоры бойынша әлемде екінші орында (Австралиядан кейін), бірақ 2010 жылға таман жылына 15 400 тонна деңгейінде уран өндіру арқылы әлемде бірінші орынға шыға аламыз", - деді М.Тәжин.

"Сонымен бірге, бұған дейін жылу шығаратын элементтер мен оларды құрастыруға қатыспаған Қазақстан 2015 жылы осы нақтың 15% иемдене алады. Қазақстанның ұлттық атом компаниясы "Қазатомөнеркәсібі" АҚШ-тың ірі Westinghouse компаниясына иелік ету арқылы атом электр станцияларын салуға да атсалысатын болады", -деді министр.