"Біз қазір археология және тарих ескерткіштерінің реестрін құруға қатысты жұмыстар жүргізудеміз",- деп хабардар етті К. Байпақов. Оның айтуынша, аталмыш жоба аясында Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары, сонымен қатар Алматы қаласы бойынша үш ескерткіштер жинағы басылып шығарылған. Келесі жылдың басында Алматы, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша тағы үш том шығару жоспарлануда. Сонымен қатар, еліміздің басқа аймақтарындағы археологиялық ескерткіштер бойынша материалдар жиналуда. "Біз бұл жұмысты шамамен 2012 жылға дейін орындап бітсек біздің археологиялық мәдени мұраларымыздың толық реестрін ала аламыз",- деді археолог.
"Қазақстанда қанша ескерткіш бар екендігі, біздің археологиялық мәдени мұраларымыздың нақты саны осы күнге дейін белгісіз. Біреулер 25 мың десе, кейбіреулері 50 мың дейді, тіптен 15 мың деген сөз де бар",- деп атап өтті ғалым. "Біз барлығын нақты санауға тиіспіз, біз "сан жетпес" деген тіркесті алға барта бермей, өзіміздің археологиялық мұраларымызды дамытуды, зерделеуді және пайдалануды жоспарлау үшін дәл санын білуге тиіспіз",- деп атап көрсетті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті