Қазақстан 2012 жылға дейін ірі кеден бекеттерін байланыссыз бақылау жүйесімен жабдықтау жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр

"2012 жылға дейін біз ірі халықаралық өткізу бекеттерін жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Жалпы олар 15 бекетте орнатылатын болады. Өйткені құрал жабдықтардың құны өте жоғары, әрқайсысы $2,5 -нан $6 млн тұрады, сондықтан жылына тек екі-үшеуін ғана орнататын боламыз", - деді А. Вожакова.

Ол айтқанындай, кедендік органдарды жабдықтау жөніндегі жоспар бойынша Жамбыл облысының "Қордай" және Ақтөбе облысындағы "Жайсан" кеден бекеттерінде екі байланыссыз тексеру қондырғысы орнатылады.

"Бұл қондырғы автоматты түрде көлікте жатқан барлық заттарды анықтап, декларацияда көрсетілген барлық мәліметтерді тексеруге мүмкіндік береді. Яғни, көлікте жатқан тауар мен оның тізімі көрсетілген құжаттар тез арада салыстырылады ", - деп түсіндірді кеден комитетінің қызметкері.

Қазақстанда 2004 жылдан бастап кеден бекеттерінде байланыссыз бақылау қондырғылары пайдаланылып келеді. Бүгінгі күні республикада ондай 8 қондырғы сканерлері орнатылған.

А. Вожаков атап өткеніндей, бұл жүйелерді пайдалану арқылы кедендік бақылауды 10 есеге көтеріп, декларацияланған тауардың нақтылығын анықтаудың деңгейі айтарлықтай жақсарды.