Қазақстан 2012-жылы электр қуатын өндіру көлемін 87 млрд. кВт/сағ жеткізе алады - KEGOС

"Егер электр қуатын өндіру мөлшері республикамызда жыл сайын осындай қарқынмен өссе, яғни, биылы 10 айдағыдай 5-10 процентке өсіп отыратын болса, 1990-жылғы деңгейге 2012-2013-жылдары қол жеткізе аламыз",- деді ол.

Қ.Бозымбаевтың айтуынша, 1990-жылы елімізде 87,38 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндірілген. 2004-жылдың 10 айында электр қуатын өндіру көлемі 53,72 млрд. кВт/сағ құрады. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 5 процентке артық. KEGOС президенті сондай-ақ 2002-жылғымен салыстырғанда 2003-жылғы мөлшер 9,5 процентке артқанын ескерте кетті.