Қазақстан 2013 жылы көбірек мақта жинады

"Облыста мақта жинау аяқталды, 383 мың тонна жиналды", деп хабарлады жұмада журналистерге облыстық ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі Қанатбек Оспанбеков.

Оның деректеріне қарағанда, биыл мақта 140 мың гектар жерге өсіріліпті. Қазіргі заманға лайық агротехника мен сапалы дәнді пайдаланудың арқасында орташа өнімділік 27,5 ц/га құраған, өткен жылғысы 26,2 ц/га болатын.

ОҚО республикада мақта -шикізаты өсірілетін жалғыз аумақ.


Өткен жылы 147,8 мың гектардан 379,7 мың тонна мақта-шикізаты жиналған болатын.