KazEnergy бас директоры биыл 28 маусымда Мадрид қаласында өтетін 19-шы Дүниежүзілік мұнай конгрессінде Қазақстан делегациясы республиканы конгресс құрамына енгізу үшін шақырылғанын еске салды.
"Біз ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың, индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің, сондай-ақ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жаңа президенті Серік Бүркітбаевтың келісімдерін алдық. Олар конгрестің 19 отырысының екінші күнінде өтетін "Қазақстан сағатының" басты қатысушылары болады", - деп атап көрсетті Ж. Сәрсенов.