Бұл туралы еліміз ТЖ министрі Владимир Божко мәлім етті.
«Аталған уақыт аралығында министрлік тоқсанында ірі табиғи апаттардан зардап шеккен мемлекеттерге 6 рет гуманитарлық көмек көрсетті. 2013 жылы Гватемала республикасына, Ауған Ислам республикасына, Шри-Ланка демоктариялық әлеуметтік республикасына жалпы құны 978 мың доллардың көмегі көрсетілді. Көмек ақшалай және тамақ түрінде берілді», - деді ол дүйсенбі күні мәжілісте өткен «үкімет сағатында».
Министрдің баяндамасына сүйенсек, биыл министрлік Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде материалдық резервтен жалпы сомасы 1 млн 985 мың 917 доллардың азық-түлігін броньдап қойған.
Сонымен қатар, РФ Благовещенск қаласындағы алапатат су тасқынынан зардап шеккен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру үшін 379,3 млн теңге бөлінген. Бұл қаражат 240 орындық балабақша салуға жұмсалған.