Қазақстан 2015 жылға дейін ЖІӨ үш есеге ұлғаяды деп күтуде - президент

"Соңғы 5 жылда еліміздің экономикасы жыл сайын 10 пайыздық өсім көрсетуде", - деп атап өтті Н. Назарбаев. "Экономиканың жоғарғы көрсеткіштері 2008 жылы ЖІӨ екі есеге өсетіндігін жоспарлауға мүмкіндік беріп отыр, ал 2015 жылы үш есеге дейін ұлғаяды", - деді ол.

Н. Назарбаев атап өткеніндей, "шикізаттан басқа секторда, тауар өндірісінің оңтайлы даму қарқыны байқалады".

"Шетелдік инвесторлар кеңесі біздің экономикамыздағы жетістіктерінде айтарлықтай роль атқарады. Қуантарлығы, кеңес мүшелері экономикасызға инвестиция көлемінің ұлғаюына қолғабыс жасап қана қоймай, қоршаған ортаны қорғау саласындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін енгізуде", - деп қорытындылады президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті