Қазақстан 2015 жылға қарай сыртқы сауда көлемін 200 млрд АҚШ долларына дейін арттыруды жоспарлап отыр

"Министрліктің жүргізген анализі ЖІӨ бір долларына орта есеппен сыртқы айналымның 70 пайызы шақ келетіндігін көрсетіп отыр",- деп атап өтті министр. "Қазақстан алдына 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 300-миллиардтық белестен өту міндетін қойып отырғандығын ескере отырып, біз сыртқы сауда көлемін 200 млрд АҚШ доллары көлемінде жоспарлап отырмыз",- деп атап көрсетті ол. Жалпы, Ғ. Оразбақовтың айтуынша, "тауар айналымы 1995 жылдан бері 9 млрд АҚШ долларынан жеті есеге өсіп, 62 млрд АҚШ долларына жеткен". "Яғни айналым жыл сайын 19 пайызға өсіп отырған",- деп атап өтті ол.

"Біздің экспортымыздың бестен төрт бөлігін шикі зат құрайтындығын ескере отырып, оны әртараптандыруға қатысты бірқатар радикалдық шаралар қабылдау қажет",- деп атап өтті министр. Атап айтқанда, ол "дайындалып жатқан "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының аясында экономиканың мұнайхимиясы, химия, металлургия, тоқыма, биоэнергетика сияқты шикізатқа жатпайтын саласындағы әлеуетті озық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға аса назар аудармақ екендігін" еске сала кетті.

Сонымен қатар ол, "бизнестің халықаралық бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға назар шоғырландырған ұлттық экономикалық саясатты жүзеге асыруға деген жаңа көзқарас негізгі бағдарламалық құжатқа - Индустриялық -инновациялық даму стартегиясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігін алдын ала анықтағандығын" атап өтті. "Құжаттың жаңа құрылымы корпоративтік көшбасшыларды қалыптастыру, отандық экспортаушыларды қолдау, жеке инвестия үшін жағдай жасау, озық жобаларды жүзеге асыру сияқты тараулардан тұрады",- деп нақтылап өтті Ғ. Оразбақов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті