деп хабарлады бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев.
"Республикалық мәні бар жолдарды салуға және қайта құруға орталық-оңтүстік, орталық-шығыс, орталық-батыс бағыттары бойынша 321,3 млрд теңге бөлінбек. Оның ішінде 2015 жылы – 178 млрд, 2016 жылы - 143,3 млрд теңге", деді ол Астанада бейсенбіде президенттің "Нұрлы жол-болашаққа жарқын жол" деп аталатын жолдауын талқылау жөніндегі "Қазақстан-2050" жалпыұлттық демократиялық күштері коалициясының отырысы барысында.
Жалпы ұзындығы 5 мың 452 шақырым жаңа ірі бес жол салына басталмақ. Оның ішінде Астана - Алматы 1300 шақырым, Астана -Өскемен- 950, Астана – Ақтөбе – Атырау – Астрахань -1600, Алматы - Өскемен (712 ), Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Павлодар (890 )шақырым, деді вице-премьер.
Бұл жобалардың орындалуы аймақтарда жаңадан 200 мыңнан аса жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек.