Қазақстан 2015-жылға дейін көлік кешенін дамытуға 30 млрд. доллар инвестиция салмақшы

"Қазақстанның 2015-жылға дейінгі көлік стратегиясы аясындағы барлық жобалардың жалпы құны 30 млрд. долларға бағаланып отыр. Оның 70 процентін біз жеке меншік инвестиция есебінен тартпақшымыз",- деді министр Астанада өтіп жатқан "Трансеуразия-2006" атты ҮІ халықаралық конференцияда.

Стратегия аясында 1600 шақырымнан астам темір жол салу мен 3 мың шақырымдайын электрлендіру, сондай-ақ, 50 мың шақырымдай автожолдарды салу мен жаңалау көзделуде.

А.Маминнң айтуынша, қазір еліміздің Жалпы ішкі өнімі құрамында көлік және коммуникациялар саласының үлесі 9 процентті құрайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті