Қазақстан 2015-жылға дейін көмір өндіру мөлшерін жылына 100 млн. тоннаға жеткізеді - энергетика министрінің орынбасары

"Қазір Қазақстан дәлелденген көмір қоры бойынша дүниежүзінде 8 орында",- деді Б.Ақшолақов. Жалпы алғанда еліміздегі тас көмір қоры бүгінде 35 млрд. тоннаға жетеді. 33 жер қойнауын пайдаланушы көмір шығарумен шұғылдануда.

Б.Ақшолақовтың айтуынша, 2005-жылы елімізде 86,4 млн. тонна, 2006-жылдың І жартысында 45 млн. тонна көмір өндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті