Қазақстан 2017 жылға қарай Астанаға қатынайтын халықаралық әуе рейстерін көбейтпек

«Астанаға қатынайтын туристер легі артады. Сондықтан қолданыстағы рейстердің бәрін 2017 жылға қарай елордаға бағыттауды ұсынып отырмыз. Кейбір рейстер Алматыдан ұшады. Біз 2017 жылға қарай Астанаға қатынайтын рейстер санын арттыру туралы ұсыныс жасадық», - деді ол бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

«Қытай мен Шығыс Азиядағы серіктестеріміз 2017 жылы көрме өтетінін біледі. Астанаға ұшатын рейстер санын арттыру туралы бастаманы олар да қолдап отыр», - деп қосты ол.