Қазақстан 2017 жылы Универсиаданы Алматыда өткізуге өтініш жасады

“Өтініш беру кітабында еліміздің, қаланың, министрліктер мен ведомство басшылықтарының Универсиаданы қабылдауға дайын екендіктері туралы хаты қамтылған. Онда қаланың өзі туралы, спорттық және мәдени мүмкіндіктері туралы мәлімет берілген”, - деп қазақстандық делегацияны басқарған Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов атап көрсетті.

Қала инфрақұрылымының бір бөлігі қысқы Универсиаданы өткізуге дайын, өйткені биылғы жылы Қазақстан Азиаданы табысты түрде өткізді, дейді ол.
Универсиада - FISU студенттері арасында өткізілетін халықаралық спорт сайысы. Биыл қараша айында Брюссельде 2017 жылғы Универсиаданы өткізетін қала анықталады.