Қазақстан 30-тамызда Конституция күнін атап өтеді

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, Конституция күні - жыл сайын 30-тамызда тойланатын мемлекеттік мереке. Бұл - демалыс күні.

Өздеріңізге мәлім, қазақстанның қазіргі қолданыстағы Ата заңы 1995-жылдың 30-тамызында республикалық референдумда қабылданып, 1995-жылдың 5-қыркүйегінде күшіне енді. Былтыр қазақстандықтар елдің Ата заңының 10 жылдық мерейтойын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті