Қазақстан 8 айдың қорытындысы бойынша ұн экспортымен дүниежүзінде бірінші орынға шықты

"Жалпы алғанда 8 айда ұн экспорты 975 мың тоннаны құрып, Қазақстан ұн экспорты бойынша дүниежүзінде бірінші орынға шықты", - деді А. Есімов, ол былтыр Қазақстанның бұл көрсеткіш бойынша үшінші орын иемденгенін еске салды.

Министр тамызда астық өңдеуші кәсіпорындардан қажетті астық көлемін сатып ала алмай отырғандығы туралы шағымдар келіп түскенін еске салды. Алайда, А. Есімовтың мәліметінше, тамызда астық өңдеушілер 91 мың тонна өнім экспорттаған. "Мен осы орайда әкімдерге ұнның қайда кетіп жатқанын, экспортқа ма , әлде нан пісіруге ме дегенге назар аудару қажеттігін ескертемін", - деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті