"Ресей СІМ ТМД Атқару комитетіне Абхазияға қатысты санкциялардың алынғаны туралы нота жолдады. Біз әзірге бұл нотаны алған жоқпыз. Оны алғаннан кейін біз жан-жақты қарастыра отырып шешім қабылдайтын боламыз", - деді дипломат.
"Жалпы алғанда біз өңірдегі ахуалды жіті қадағалап отырмыз және өңірде тұрақтылықтың сақталғанын қолдаймыз", -деді ол.
Ресей 1996 жылы Абхазияға қатысты енгізілген сауда-экономикалық, қаржылық және транспорттық санкцияларды алып, ТМД елдерінен де аталмыш мойындалмаған мемлекетке қатысты шектеулер режимінен шығуды ұсынды. Ресей СІМ бұл шешімді 1996 жылдан бері ахуалдың түбегейлі өзгергендігімен түсіндіруде.