Қазақстан ӘЧ-2018 іріктеу кезеңінде Польшамен тең түсті


Астанада өткен матчтың алғашқы кезеңі Қазақстан футболшылары үшін өте сәтсіз өтті. Алдымен Бартош Капустка ойынның 9-минутында есеп ашса, 35-минутта Роберт Левандовски есепті 0:2-ге жеткізді.

Екінші таймның басында Қазақстан құрамасы нағыз сенсация жасады. Алаң иелері небәрі сегіз минуттың ішінде есепті теңестіре алды. Ойынның 51-ші және 59-шы минуттарда Сергей Хижниченко дубль жасап, ұлттық құрамаға 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турында алғашқы ұпай сыйлады.