Конвенция мен оған қосымша қорытынды хаттама 1950-жылы 21-наурызда Нью-Йорк қаласында жасалған. Қазақстандық өкіл бұл құжатқа БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы бас пәтерінде 2004-жылдың 17-қарашасында қол қойды.
ҚР сыртқы саясат мекемесінің түсініктемесіне сәйкес, қол қойылған халықаралық келісімдердің ережесіне сәйкес, оған қатысушы мемлекет адам саудасына және жезөкшелікке байланысты қылмыстардың алдын алуға қажетті барлық шараларды қолдануға және осындай әрекеттерге қатысы бар адамдарды жазалауға міндетті. Мұндай шаралар конвенцияға қатысушы елдер арасындағы тығыз ықпалдастық негізінде БҰҰ-ның үйлестіруімен жүзеге асырылады.