Қазақстан ағымдағы жылдың ақпан айында Мысырға 175 мың тонна бидай жөнелтті

"Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Мысырға 175 мың тонна бидай жөнелтті",- деді Фаиза Абу Нага.

"Екі мемлекет басшысының келіссөздері аясында былтыр Мысырға Қазақстаннан 225 млн АҚШ долларына 1,5 мон тонна бидай сату туралы уағдаластық жасалған",- деді министр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Мысыр президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Хосни Мубарак 7-қарашада Астанадағы кездесуінде Қазақстан астығын Мысырға жеткізу жөніндегі арнаулы комиссия құруға келіскен болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті