Қазақстан аймақтық ынтымақтастық аясында Өзбекстан мен Қырғызстанға кез-келген көмек көрсетуге дайын

"Өзбекстан мен Қырғызстанда болған оқиғалар бізді қатты алаңдатады",- деді Қ.Тоқаев.

Осы орайда ҚР СІМ "Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан республикалары 1998-жылы ішкі достық пен ынтымақтастық туралы келісімге" қол қойғанын еске салды. "Қазақстан аталмыш елдермен арадағы ұзақ мерзімді қарым-қатынасты бағалайды және біздің болашақ тағдырымыз ортақ рынок аясында және Қазақстан президенті ұсынған Орталық Азия елдерінің одағы аясында да ортақ болуға тиіс деп санайды",- деп мәлімдеді Қ.Тоқаев.
"Біз аталмыш елдерде болып жатқан барлық оқиғаларды жіті қадағалап отырамыз және бұл елдердің халықтарына тұрақтылық пен ілгерілеушілік тілейміз",- деді ол.
"Бұл елдер қандай қиындықты да еңсере алады, өйткені, Өзбекстан мен Қырғызстанның әлеуеті жоғары",- деді ҚР СІМ.