Қазақстан алдағы уақытта ҰБТ-дан бас тартпайды

«Біз ҰБТ-дан бас тартпаймыз деп ойлаймын. Әрине, оны жетілдіру қажеттігі рас және біз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек. Яғни, жұмысты тоқтатуға болмайды», - деді ол үкіметтің дүйсенбі күнгі селекторлық отырысында.

«ЖОО басшылары ҰБТ-ға қарсы екенін білемін, өздері емтихан өткізгісі келеді. Бұл білім беру саласының ашықтығы мен жемқорлыққа қатысты мәселе. Меніңше, ҰБТ білімді тексерудің тәп-тәуір құралы, тек оны жақсарта түсуіміз керек», - деп атап өтті премьер.
Өз кезегінде, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҰБТ-ның Қазақстанда сегіз жылдан бері өткізіліп келе жатқанын еске салды.
«Жалпы алғанда, біз тамаша тәжірибе жинақтадық. Әзірге бұдан қолайлысы жоқ деп ойлаймын», - деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, биыл ҰБТ бойынша орташа балл деңгейі былтырмен салыстырғанда бір жарым пайыз артып, 86,6%-ды құрады.