Оның айтуынша, былтыр Қазақстан 3 мың тонна уран кенін өндірген. "Келешекте біз уран өндіру мөлшерін жылына 12 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отырмыз".
Министрдің хабарлауынша, осы мақсатпен Ақмола облысындағы уран кеніштері мен басқа да жаңа кеніштер салу, сондай-ақ, Степногорск және Орталық кеніш басқармаларында жаңа аффинаж цехтарын салу жоспарланған. Министрдің айтуынша, бұл "ірі кәсіпорындардағы көлік шығындарын азайтып, уран бағасы арзан тұрған жағдайда олардың бәсекелестік қабілетін арттыру үшін жасалып отыр".