Қазақстан әлемнің бейбітшілік сүйгіш елдерінің рейтингісінде 16 позицияға көтерілді

Институт сайты жариялаған мәліменттерге сәйкес,  Қазақстан Республикасы 2015 жылғы рейтингіде 162 елдің ішінен 87 орынға ие болды. Өткен жылы біздің еліміз 103- орында болған еді.

Қазақстан ТМД бойынша өз әріптестерін басып озды. Мәселен Армения - 91-ші, Түркіменстан - 106-шы, Тәжікстан - 108-ші, Өзбекстан - 113-ші, Қырғызстан  - 121-ші, Әзербайжан - 132-ші, Украина - 150-ші, Ресей - 152-ші орында. АҚШ бейбітшілік сүйгіш елдер рейтингісінде 94-ші орында, Қытай - 124-ші орында.

Рейтингіні Испания, Дания және Австрия, Жаңа Зеландия және Шейцария бастады. Рейтингінің соңында Орталық Африка Республикасы, Судан, Ауғанстан, Ирак пен Сирия тұр.  

Бейбітшілікке жаһандық индекс (Global Peace Index) - бұл әлем елдерінің бейбітшілік сүйгіштігін сипаттайтын кешенді көрсеткіш, онда мемлекет ішіндегі зорлық-зомбылық және оның сыртқы саясатындағы агрессияшылдығы деңгейі өлшенеді. Рейтингі қай елдер адам үшін неғұрлым қауіпсіз  (немесе  - қауіпті) екенін бағамдауға мүмкіндік береді. The Economist Intelligence Unit  (британдық Economist журналының талдамалық бөлімшесі) ұйымының әдісімен есептелген.