Қазақстан әлемнің ТОП-50 экономикалық еркін елдерінің қатарына қосылды

Қорытындысы бойынша Қазақстан өз позициясын бірден бірнеше пунктке жақсартып, рейтингте 42 орынға ие болды. Сонымен қоса Ресей мен Беларусьтан алға шықты, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Еліміз 100-ден 69 балл сомасында жинады (елдің экономикалық еркіндігінің максималды рейтингі). Өткен жылмен салыстырғанда экономикалық еркіндік көрсеткіші бірден 5,4 пунктке жақсарды. Бүгінде Қазақстан рейтингте өзінің 42 орнын Ямайка мен Перумен бөлісуде.  

Бір жыл бұрын Қазақстан небәрі 69 орында болған. Бүгінде отандық экономикадағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Польша, Румыния, Бельгия, Түркия секілді елдерден де жоғары көрсеткіш көрсетті. Рейтингте бәрінен жақын тұрғаны Польша - 45 орын.

Рейтингті құрушылар елдердің экономикаларын он өлшем бойынша бағалайды, олардың ішінде - меншік құқығының кепілдігі, сыбайлас жемқорлықтан қорғау, бюджеттік шығындардың тиімділігі мен айқындығы, сауда еркіндігі, еңбек нарығының икемділігі.

Талдаушылар еңбек нарығының икемділігі мен қаржылық тәуелсіздіктен басқа, барлық дерлік рейтингтер бойынша оң баға берді.

Сарапшылар өсімнің себебін Қазақстанның соңғы он жылда экономика икемділігі мен ашықтығының саясатынан едәуір пайда тапқанымен түсіндіреді. Сонымен қатар, мемлекет маңызды өнеркәсіптік кәсіпорындарда, әсіресе энергетикалық секторда өз үлесін сақтауды жалғастыруда. Қолайлы реформалардың мысалы ретінде банктің жекешеленуі, бәсекеге қабілетті салық мөлшерлемелерін енгізу, сонымен қатар сауда режимін жаңғыртуды атауға болады.

Бұдан өзге, талдаушылар Қазақстанның экономикалық еркіндікті одан әрі дамыту мақсатында бірқатар шараларды қабылдағанын мәлімдейді.


«Энергетикалық емес секторды кеңейту шараларына қарамастан, ортақ нормативтік база бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында барынша қолайлы болуы керек», - деп тұжырымдады Heritage Foundation-де.

Ресей де өз көрсеткішін едәуір жақсартты, бірден 39 сатыға көтеріліп, 114-орынды иеленді. Қор зерттеулері Ресей экономикасына инфляциялық қысымның өсуі, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың кеңінен жайылып, меншік құқықтарының жеткіліксіз қоғалуы кедергі келтіретінін көрсетті.

Беларусь 104-орынды иеленді. Сарапшылар елдің қайта реттеуде аз жетістікке жеткенін айтты, бірақ барынша либералдық экономикалық саясат қаржы жылы аралығында басымдықты болған жоқ. Дегенмен, мемлекеттің бизнеске араласуы мен бақылауы экономика дамуын тежеуде.

Анықтама:

Америкалық «Мұра қоры» зерттеу орталығы (The Heritage Foundation) - АҚШ-тың 1973 жылы негізі қаланған стратегиялық зерттеу институты. Ол халықаралық саясатты зерттеудің кең спектрімен айналысады. Институт қоғамның статистикалық үлгісін құрып, оны жұртшылыққа қолжетімді ету идеясын ұсынады. Қор бірқатар талдамалық зерттеулерді таратушы, олардың ішіндегі ең танымалы - жыл сайынғы «Экономикалық еркіндік индексі», «2000 саяси сарапшылары», «Көшбасшылыққа мандат».