Қазақстан -Англия футбол сайысы кезінде алаңға жүгіріп шыққан жанкүйердің тағдырын халықаралық сарапшылар шешеді - Досмұхамбетов

"Оның кінәсін салмақтап беретін халықаралық сарапшылар бар және ондай шаруа - біздің құзырымыздағы мәселе емес, оны біз шешуге тиіс емеспіз. Осындай мәселелермен айналысатын арнаулы алқалар мен арнаулы құрылымдар бар", -деді Т. Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2010-жылғы чемпионатқа іріктеу сайыстарының аясында Алматыдағы Орталық стадионда өткен Қазақстан мен Англия құрамаларының арасындағы футбол сайысы Англияның пайдасына 4:0 санымен аяқталды.