Қазақстан АҚШ кәсіпкерлерін республика экономикасының нақты секторына инвестиция салуға шақырады

Ә.Жақсыбековтың атап көрсеткеніндей, қазір Қазақстанға қаржылық инвестициядан гөрі "озық менеджмент пен озық технологиялар қажет".

Индустрия және сауда министрінің пайымдауынша, Қазақстан дүниежүзіндегі ең ірі екі держава - Ресей және Қытаймен шекараласатындықтан, сондай-ақ, "бұл елдермен арадағы сауда-саттыққа ешбір шектеу қойылмағандықтан", республика экономикасының нақты секторына бағытталған инвестициялар "400-500 млн. адамды қамтитын ауқымды рынокты қамтамасыз ете алады".
Ә.Жақсыбеков АҚШ кәсіпкерлерін инвестицияны Каспий қайраңының инфрақұрылымын дамыту мақсатына жұмсауға шақырды.