Қазақстан -АҚШ қарым-қатынасының болашағы зор - ҚР СІМ



"АҚШ-пен арадағы ынтымақтастықтың болашағы қолайлы болады деп болжаймыз. Өйткені, бұдан екі жақ бірдей мүдделі",- деді ол.
"Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Біз аталмыш алпауыт мемлекетпен арадағы ықпалдастықты жоғары бағалаймыз. Сол себепті біз түрлі түйткілді мәселелер бойынша АҚШ-пен арадағы диалогты Нұрсұлтан Назарбаев пен Билл Клинтон 1994-жылдың ақпан айында қол қойған демократиялық әріптестік хартиясының негізінде жалғастырып келеміз",- деді ол.
ҚР СІМ-нің пікірінше, "АҚШ мемлекетік хатшысы Кондолиза Райстың жуырдағы сапары өзара стратегиялық әріптестікті дамытуға деген мүдделестікті тағы бір дәлелдеп берді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті