Қазақстан АҚШ-тың еліміздегі экономикалық мүддесін қандай тәсілмен де қорғауға дайын -Тоқаев

"Біз Қазақстанға әкелінген шетелдік инвестицияның 50 проценті АШТ-тың үлесіне тиетіні үшін ризашылық білдіреміз",- деді Қ.Тоқаев. "Біз АҚШ-тың ірі компанияларымен арадағы келісімдердің мызғымастығына кәміл сенеміз және өз ұстанымымызды қандай жағдайда да өзгертпейміз",- деді ҚР СІМ.

"Алайда, біздің АҚШ-пен ынтымақтасты қолдау саясатымыз доллардың ғана көмегімен басқарылмайды. Біз бұл елмен қазіргіден де кең көлемді байланысқа сенім артамыз",- деді Қ.Тоқаев. "Дәл осындай себеппен Қазақстан алдын-ала қандайбір талап немесе шарт қоймастан АҚШ-тың әскери авиациясына өзінің әуе кеңістігін ашты",- деп еске салды еліміздің сыртқы саясат мекемесінің басшысы.
"Ирактағы әскери операциялардың заңдылығына қатысты халықаралық пікірталастарды доғаратын мерзім жетті",- деп пайымдайды Қ.Тоқаев. "Қазір біз бұл елді аймақтағы демократия орнатудың табысына үлгі ретінде алға тартатын елге айналдыру үшін күш біріктіру қажет",- деді ол.