Қазақстан Ақтау теңіз айлағында Әзербайжанның ауылшаруашылығы өнімдеріне арналған жеміс-көкөніс терминалын тездете салуды сұрайды

Әкім осы нысанды салу жөніндегі уағдаластыққа Әзербайжан мен Қазақстан үкіметтері 2006-жылғы мамыр айында республика үкімет басшысы Даниал Ахметовтың Бакуге сапары барысында қол жеткізілгенін еске салды. Терминалдың қуаты тәулігіне 3000 тонна өнім тасуға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстанда жеміс-көкөніс өнімдеріне деген сұраныс өте жоғары, Ақтау теңіз айлағындағы еркін экономикалық аймақтың ауқымын кеңейту жобасы жүзеге асырылғаннан кейін облыс тұрғындарының саны 2 есе артқан кезде сұраныс тіптен өсе түспек. Қазақстан жағы айлақ аумағынан жеміс-көкөніс терминалын салуға арнап 5 гектар жер телімін бөлу жөніндегі өз міндеттемесін орындады.

"Жұмыстарды Әзербайжанның Develop компаниясы жүргізуде. Ол терминалды 2007-жылдың бірінші жартысында пайдалануға беруді жоспарлаған. Алайда бұл жұмыстар бірнеше себептерге байланысты кейінге шегеріліп отыр. Осындай өнімдерді Әзербайжаннан жеткізу бізге өте тиімді, сол себепті біз Әзербайжан үкіметінен жобаны жеделдете жүзеге асыруды және терминалды тез арада пайдалануға беруді қамтамасыз етуді сұраймыз",- деді Қ.Көшербаев.

Ол сонымен қатар осы терминалды өз өнімдерін жеткізу мақсатында пайдалануға Ресей мен Иранның да ниет білдіргенін хабарлады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті