Қазақстан Арменияны КО-ға жалпыға ортақ шарттармен қабылдауды ұсынды


«Армения бойынша мәлімдемеге Қазақстан өз ұсынысын енгізді, қолдау білдіргендеріңіз үшін рахмет. Біз ұйымға мүше болуды көздейтін елдерге әр түрлі шарттар қоймауымыз керек. Қырғызстан бойынша қалай шешсек, басқа елдерге қатысты да сондай әрекет жасауға тиіспіз. Барлық заңдарды қабылдау қажет, жұмыс тобын біз құрдық, содан соң жол картасын белгіледік. Біздің шешімдеріміз бойынша алшақтық болмас үшін Арменияға қатысты да дәл солай жасайық», - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.