Қазақстан армиясына күзде шамамен 15 мыңдай әскер шақырылады - ҚР Қорғаныс министрлігі

Шақырылушыларды Қарулы Күштерге қабылдау бір ай көлемінде үш деңгейде өткізілетін болады. Биылғы күзде әскерге шақырылатын жастардың саны - 8000.

Қалған әлеуетті күштерге (Республикалық гвардия, ІІМ Ішкі әскеріне, ҰҚК Шекара қызметіне, ТЖМ бөлімшелеріне) азаматтарды мерзімді қызметке шақыру 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Оларға шамамен 7 мыңдай азаматты шақыру жоспарланған.