"8 мың әйел - еліміздің Қарулы күштерінің жалпы штатты қызметкерлерінің 12 проценттен астамын құрайды",- деді Д.Ахметов. Министрдің айтуынша, "еліміздегі әскери әйелдердің шамамен 30 проценті Қазақстан армиясының жауынгерлік дайындығын айқындайтын лауазымдарда қызмет етуде".
"Десантшы әйелдер, мерген әйелдер дейсіз бе, бір кездері таза еркектің мамандығы саналған саланы сіздер толық игердіңіздер",- деді Д.Ахметов республиканың Қарулы күштерінің түрлі әскерлері қатарында борышын өтеп жүрген әйелдерге қаратып айтқан сөзінде.
Қорғаныс министрі әйелдердің арасында 68 адамның аға офицерлік шен таққанын (полковник және подполковник), 244-і кіші офицерлер екенін атап өтті. "Қазақстан армиясындағы барлық әйелдердің жоғары білімі бар, олардың 34-і әскери училище немесе кіші офицерлер курсын бітірген",- деді Д.Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті