«Қазақстан АСЕЛСАН инжиниринг» жаңа зауыты ашылды

Бұл Қазақстан мен Түркия мемлекет басшыларының уағдаластығына сәйкес құрылып отыр.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары болашақ өндіріс корпустарының орналасу орнын қарап, аталған кәсіпорында шығаралатын өнімдердің үлгілерімен танысты.

Әділбек Жақсыбеков Астанада жоғары технологиялық өндірісті қорғаныс-өнеркәсібі кешен ашылуының маңызын айрықша атап өтті. Бірлескен жобадағы Қазақстанның алғашқы кездегі үлесі 20 пайызды құрайды, жуықтағы 5 жылдың ішінде ол 67 пайызға дейін артатын болады.

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұлов қорғаныс ведомстволарының басшыларын жаңа кәсіпорын өндіретін өнімдер тізімімен таныстырды.


Бұл жерде өнімдерге техникалық қызмет, сондай-ақ персоналды оқыту жүзеге асатын болады.

Зауыт әртүрлі техникада қолданатын электронды платтардың (су асты кемелерінен бастап ғарыш кемелеріне дейін) кең спектрін шығару мүмкіндігіне ие.

Зауытты дамытудың келесі кезеңі дербес инфрақызыл линзалар шығару өндірісін ұйымдастыру, өндіріс үдерісі, жаңа технологияларды қолдану арқылы өнім өндіруді қамтиды.

Бұл ТМД-да осындай сападағы өнім өндіретін бірінші кәсіпорын екенін атап өткен жөн.