Бұл туралы «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ төрағасы Әуезхан Дарынов мәлім етті.
«Жоспар бойынша, холдинг шеңберінде астық өндіру, оны ішкі және сыртқы рыноктарға сату бағытында жұмыс істеу көзделген болатын. Алайда, холдинг қызметі барысында дұрыс жұмыс істеуге белгілі бір кедергілер бары анықталды», - деді Ә.Дарынов «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, тіпті, жемқорлыққа қарсы заңдағы талаптардың бірі холдинг жұмысына қолбайлау болып отыр. Ол «Азық-түлік корпорациясына» бірлестік мүшелерінің астығын ашық сатып алу операциялары арқылы сатып алуға мүмкіндік бермейді.
Қазіргі таңда холдинг мүшелері осы мәселені жан-жақты талқылап жатыр.
«Біз бұл мәселеде түсінісеміз деп ойлаймын. Мәселен, екі жылдан бері астықты сатып алу бағасын анықтау және белгілеу мәселесі біртұтас астық холдингі мүшелерінің қатысуымен шешіліп келеді», - деді Ә.Дарынов.