Қазақстан әуе компанияларының жолаушыларды тасымалдау көлемі 2009 жылы 3 млн. адамды құрайды - көлік және коммуникация министрлігі

"Қазақстандық әуе компанияларының жүргіншілерді тасымалдау көлемі 2009 жылы 20-25 пайызға өсіп, жолаушылар саны 3 млн.-ға жетеді деп күтілуде",- деді Е. Қошанов.

Оның сөзіне сүйенсек, жалпы "авиатасымалының тұрақты түрде өсіп келе жатқандығы байқалады". 2006 жылы 1,9 млн. жолаушы тасымалданған, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 19 пайызға артық. Өткен жылғы жолаушылар айналымы 12 пайызға өскен. Сондай-ақ, қазақстандық әуежайдан жолаушыларды ұшыру 18 пайызға, жүк жіберу 6 пайызға өсті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті