Қазақстан әуе саласының өкілдері жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарын талқылайды

Қазақстан көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Азаматтық әуе комитетіне әуежайлар мен әуе компанияларының өкілдерімен жиналыс өткізуді тапсырды.


           Бұл туралы ол бейсенбіде Твиттердегі аккаунтына жазған.
           "Жолаушыларға қызмает көрсету стандарттары туралы, оның ішінде борттағы қауіпсіздік, жолсеріктерінің біліктілігі, мемлекеттік тілді пайдалану сияқты мәселелерді талқылаймыз", деп жазды ол хабарламасында.