Caravan Logo

Қазақстан ауған әйелдеріне арналған транзиттік дәліз ұсынды

Қазақстан ауған әйелдеріне арналған транзиттік дәліз ұсынды

Қазақстан ауған әйелдері үшін транзиттік дәліз ұсынды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттерін ескере отырып, Президент ауған әйелдері үшін транзиттік дәліз ұсыну туралы шешім шығарды", - деп хабарлады СІМ.

Транзит арқылы Алматы әуежайынан басқа елдерге ұшуға болады.

Бұған дейін 17 қазанда Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған делегация Ауғанстанға
барған еді
. Сыртқы саяси ведомство сапар аясында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ, сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланғанын хабарлаған.