Қазақстан Ауғанстан экономикасына инвестиция салуға дайын - Тоқаев

"Қазақстан үкіметі Ауғанстанға коммерциялық ұйымдарды жіберіп, осы елдің экономикасына инвестиция салуға дайын",- деді ол.

"Экономикалық тұрғыдан біз аталмыш мемлекетті қалпына келтіруге өзіндік үлес қосуға дайынбыз және біздің ондай мүмкіндіктеріміз де бар",- деп атап көрсеткен Қ.Тоқаев "Қазақстан осы жөніндегі ұсыныстардың тізімін Ауғанстан жағына хабарлады", деді . "Сөйтіп Қазақстан өзінің Ауғанстанда жұмыс істеуге дайын екенін білдірді",- деді ҚР СІМ.
Қ.Тоқаевтың пікірінше, "Ауғанстаннан заңсыз есірткі тасымалының алдын алу үшін Орталық Азиядағы барлық серіктес елдер күш біріктіруге тиіс". "Жалпы алғанда Орталық Азия елдерінің басын қатырып отырған негізгі мәселе -Ауғанстан мәселесі болмақ". Дегенмен, Қ.Тоқаев "Орталық Азия аймағы мен Ауғанстанда тұрақтылық орнайды" дегенге сенім білдірді.