Қазақстан Ауғанстандағы экономикалық ахуалды тұрақтандыруға ауқымды үлес қоса алады - Райс



"Бүгін мен Қазақстандық инвестицияларға Ауған нарығының есігін айқара ашу үшін не істеу керектігі төңірегінде осы елдің кәсіпкерлерімен пікір бөлістім",- деп атап өткен К.Райс бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеушіліктер байқалғанын айтты. "АҚШ Қазақстанның жан-жақты саяси және экономикалық дамуға ниет түзеген талпыныстарын қолдайды және Қазақстанның инвестицияларынан Ауғанстан, Қырғызстан және Тәжікстан сынды елдер үлкен пайда табады деген пікірде",- деді К.Райс.
Оның пікірінше, "аймақтық экономикалық ынтымақтастық пен сауда-саттық Орталық Азия аймағы үшін қуатты экономикалық ынталандыру тетігіне айнала алады".
Сонымен бірге К.Райс "Ауғанстан үшін лаңкестікке қарсы күрес - басты тауқымет ретінде сақталып отыр" , деп атап көрсетті.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті